Джастин Кини (Великобритания)

Шарап сарапшысы

«Назарымызды Шығысқа бұрайық!- Қазақстан әлем нарығына шыңуда. Қазақстанның шараптарына қызығушылық алғашқы рет Лондон шарап жәрмеңкесінде бастау алса, қазіргі таңда Лондонда бұл ғажайып шараптарға дегустация жалғасып келеді. «Соңғы 15 жылда шараптардың сапасы біршама көтерілді»- дейді Джастин Киа. Себебі қазақстандық шараптардың жауқазыны болып 30 жыл тарихы бар қайта жанданған жүзім сабақтары. Қазақстаннан келген қызыл және ақ шараптар Лондондағы дегустациялық іс-шарада өзінің жоғары сапасын көрсетті. 23 маусым күні британдық сайлаушылар Европалық Одақтан шығуға дауыс беріп, белгісіздікке жол тартты. Енді оларды алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді. Сонымен қатар, британдық шарап сүйгіштер бірнеше жылдар бойы түрлі эксперименттер жасап, Ливан, Турция, Греция, Кипр енді Қазақстан елдерінде өндірілетін шараптармен танысуда.

Қазақстан?

Әрине.

Осы жылға Лондондағы шарап жәрмеңкесіне қатысқан Arba Wine компаниясы өткен аптада өзінің жаңа өнімімен таныстырды, және де Лондонның қақ ортасында бұл өнімдер лайықты орын алды.

Бұл ел өз шараптарымен Советтік Одағынан кейін, содан кейінгі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан кейін таныла бастап, Қазақстанда ондған жылдардан бері шарап өндірісі дамып келеді. Айта кетерлігі совет одағы кезінде және совет одағынан кейінгі кезеңдерде негізі шарап өндіруші Молдова, Грузия, Армения елдерімен салыстырғанда, қазақстандық шарап ең жақсы шараптардың тізіміне кіре алмады. Әрқашанда сапасы жағынан төмен болды, себебі аса тәттілік пен төмен бағаны сипаттайтын ресей нарығына шағындалып жасалды.
1980 жылдың басында Горбачев басқарған антиалкогольдік ұйымының шешімімен барлық жүзімдіктер түп тамырымен жұлынып, тағы бір кедергі келтірді.

Советтік жүзімдіктер де жемісі секілді жоғары сұрыпты болды, тек басты мәселе толықтай жасалмаған шарап өндірісі мен жаппай нарық үшін шарап ала алмауда еді».- дейді 2000 жылдардан бастап қазақстандық шарап өндірісін қайта жандандырған Arba Wine компаниясының басқарушысы Зейнулла Какимжанов.

Бұрыңғы оңтүстік астана Алматыдан бір сағат уақыт алатын Қазақстанның оңтүстік-шығысында Ассы алқабындағы Қаракемер ауылына жақын орналасқан Arba Wine компаниясы алған территорияның климаты- жүзімдерге балғындық пен күш беретін, күніне температураның көрсеткіші құбылып тұратын, шарап өндірісіне өте қолайлы.

Шараптың мінсіз сапасына 1000 метр биіктікте орналасқан жүзімдіктергде үлкен үлес қосады. Сонымен қатар, дымқылдылықтың төмендігі және Arba Wine компаниясын сапалы шарап өндіруші компания қатарына қосқысы келетін, Какимжановпен бірге жұмыс жасайтын Donato Lanati Enosis консалтингтік компаниядан қабылдап алынған шарапты органикалық түрде өндіру дағдылары да септігін тигізеді.

Arba Wine-ның тағы бір ерекшелігі 30 жыл бойы қараусыз қалған, ешқандай екпесіз табиғи өсетін жабайы жүзім сабақтары. Бұл жүзімдіктерге басты назар аударып, баптап өсіргендіктен, қазіргі таңда сипаттасақ төмен қышқылдылығымен, жұмсақтығы мен жылы таниндер арқылы ерекшеленетін Arba Wine сапалы шарап өндіруде. Солардың ішінде Lagyl Arba Saperavi 2013 және Pino Arba Pinot Noir 2013 жемістерге өте бай.

Бірінішісі- өте жұмсақ және грузиндік көптеген саперави шараптарына қарағанда, бұл сұрып осы шарапта толықтай ашыла түскен. Ал екіншісі- жылы, жеке дара ретінде немесе тағаммен үйлескенде де бірдей ғажайып дәм беретін, қаражидектің дәмі мен хош иісіне қаныққан Pinot Noir.

Тағы бір Arba, Kyzyl Cabernet Franc маркалы қызыл шарап- бұл да өте сапалы, жабайы ескі жүзім сабағынан емес, жақын арада отырғызылған жүзімдіктерден жасалғандығын болар, бұл шарап дәстүрлі дәм мен хош иісі басым дайындалған шарап.

Десек те, шыныменен Arba-ның ақ шараптары тәнті етеді:

Ainala Gewurztraminer 2013- ашық, хош иісті және тамаша теңдестірілген шарап. Бұл шарап тек осы сұрыпты бағалушыларға ғана емес, бұған дейін гүлдер мен шөптердің сипаттамасы бар шараптарды ұнатпайтын адамдарға да ұнайды. (Alsace Gewurztraminer-ге қарағанда бұл жерде салыстырмалы түрде шектелген).


AK Arba Kazakh Riesling 2013 – импорттық емес, жергілікті бар жүзімдіктердің сабағынан жасалған- өте жеңіл және жүзімнің хош иісі басым, таңдайында ақ өріктің дәмі сезілетін шарап

Соңында таныстырылған шарап- Sary Rkatsiteli 2013, Саперави секілді жабайы жүзім сабағынан жасалған. Бұл шарап жаңадан келгендерге жарамды, ал ерекше дәм беретін Ркацители көбісіне жақпауыда мүмкін.