Arba Wine жүзімдіктерінің бірегей тарихы.

Советтік агрономдардың көмегімен Қазақстанда ондаған мың гектарға жүзімдіктер отырғызылған. Солардың көбісі кейінірек 1985 жылғы антиалкогольді политиканың кесірінен жойылып, қараусыз қалды.

Енді осы жерде айта кететіні, Arba Wine-ның басты мақтанышы- қалпына келтірілген ескі жүзімдіктер. Ең басты ерекшеліктері олар ешқандай екпесіз өз тамырында өсуінде. Жалпы әлем бойынша шарап өндірісінде бұл өте сирек кездесетін құбылыс, сонымен қатар Arba Wine-ды кейбір жүзімдердің сұрыпын сақтап қалушы ретінде де айтуға болады.