Шарап өндірісінің тарихы өте тереңде.

Жалпы шарап өндірісінің тарихы тым тереңде жатыр. Тарих бойынша жүзімнен жасалған шарап құйылған алғашқы құмыра Таяу Шығыста табылған. Шарап өндірудің түрлі тәсілдері, құпия, сырлары сан алуан. Қазіргі таңда заманауи технологиялардың арқасында нәтижелердің көрсеткіші көз қуантарлық.

Дегенмен, ескі тәсілмен өндірілген шараптардың сапасы да дәмі де өзгерек болады.
Біз жүзім алқабымызда ескі тәсілді қолданып келеміз. Әрбір жүзімдерімізге аса ден қойып, баптап, жүзім сабағын қолмен жинаймыз.
Табиғатқа ыстық ықылас, махаббатпен қарағанда, табиғатта жақсы жемістермен, егінмен жауап қайтарады.

Ең бастысы табиғи таза өнім жасау. Біздің шараптарды таңдағаныңызға алғыс білдіреміз!