Arba Wine жүзімдіктерінің жандануы
ХХ-ғасырдың 50-60-жылдары кеңестік агрономдар ондаған мың гектар жерге 500-ге тарта түрлі сұрыпты жүзім отырғызды.
Содан кейін 1985-жылы КСРО-ның алкогольге қарсы саяси науқаны басталып, көптеген жүзімдіктер жойылды. Ал, аман қалғандары 90-жылдардың ортасында бөлшектеніп, тұрғындарға таратылды. Ол адамдардың жүзім өсіру ісінен хабары мен тәжірибесі, қаржысы болмағандықтан, жүзімдіктер тозуға айналды. Бірақ, ең ғажабы, жүзім түптері сақталып қалды.
Сөйтіп, 2012-жылы біз жабайы ағаштар мен бұталарды шауып, жүзім сабақтарын жерден көтеріп, жүзімдіктерді қайта өмірге келтірдік. Осылайша, қазіргі таңда керемет сапалы өнім алатын дәрежеге жеттік.
Бүгінде 40 жыл жасаған жүзімдіктеріміз Arba Wine компаниясының бірегей ерекшелігіне айналды.