Arba Wine жүзімдіктерінде өнім жинау
Әдетте, жүзімдіктерімізде өнім жинау тамыздың 20-ларында басталып, қазанның орта шенінде аяқталады. Техникалық жұмыстың ең тартымды бөлігі — жүзімді қолмен жинау.
Әрине, Arba Wine жүзімдіктерінде өнім жинау - нағыз мейрам. Оны бізбен таныс болып қалған адамдардың бәрі күтеді. Бұл шара еліміздің мәдени өмірінде де елеулі орын алады.
Жүзімді қолмен жинағанда, бойымыздағы сүйіспеншілік, қызу қуатпен табиғатты нәрлендіреміз, есесіне табиғат бізге мол миуасын тарту етеді. Одан бөлек қайталанбас табиғат көркіне, алып таулардың арасында сап түзеген жүзім сабақтарына көз суарып, таза ауаға қанығамыз.
Өнім жинау науқаны — ауыр еңбек піскен жүзіммен өтелетін, ал, жүзімнен таңғажайып Arba Wine шарабы туатын ерекше мезгіл!