Arba Winе-ның мақтанышы.
Ескі жүзімдіктерді қалпына келтіру- бұл біздің құндылығымыз. Бұл жүзімдіктер 40 жыл бұрын отырғызылып, 20 жыл ешқандай күтімсіз, қараусыз қалғанымен,жүзімдіктерге зақым тимеген.
Аталмыш жүзімдіктердің тағы бір ерекшелігі совет үкіметі кезінде отырғызылып, ең бастысы өз тамырында өсіп келеді. Әлем бойынша шарап өндірісінде бұл өте сирек құбылыс!
Қырық жыл тарихы бар ескі жүзімдіктер ешқандай химикалық өңдеуді талап етпейді. Arba Wine жүзімдіктері расымен де табиғи таза. Біздің мұқият жасалатын күтіміміздің арқасында шараптар да ерекше дәмді болып келеді.
Әлем бойынша organic food деп айтылатын өнімді біз, отандық жергілікті өнім дейміз.
Ал ең бастысы- Arba Wine әлемдік деңгейдегі шарап өндіретінін бәріміз мақтанышпен айта аламыз!