Фин асханасы мен шарап бойынша жазушы (социолог)
Мен өз асханамда отырмын, шарап бұрандасы қазақстандық шараптың бөтелкесіне жартылай тығулы. Мен сіздерге бұл шарап қалай келгені жайлы айтып бергім келеді. Қазақстанда шарап өндірілетіні жайлы мүлдем хабарым жоқ, білмегенімді атап өткім келеді. Фейсбуктегі хаттар әдетте аса назар аудармайды ғой. Әдетте әуеапатынан қайтыс болып, сенің атыңа ұтысқа ие лотореяны қалдырған африкалық бір жесір әйел туралы болып келеді ғой. Бірақ бұл жолы мен Зейнулла Какимжановтан келген хатты қатты қызығушылықпен оқыдым: «Сәлеметсіз бе, қымбатты Арто! Мен Финляндияға шаңғыдан марафонға келдім. Мен шарап өндірумен айналысамын. Біздің шарап компаниямыздың аты Arba Wine. Уақытыңыз болса кездесе аламыз ба?»
Мен бірініші жауап бермес үшін, Google-дан біршама ақпарат жинайын дедім. Сол күні бос уақытым да бар еді. Тек бірер шаруамды аяқтау керек болатын. Google арқылы Алматыға жақын жерде орналасқан шарап алқабын таптым. Google жетерліктей нақты әрі кәсіби тұрғыда нақты жауап берді. (Жүзім алқабын жан жақтан қарға көмкерілген тау жоталары қоршап тұрды).
Менің ойымша Қазақстан өте көркем ел деген оймен орталықта кездесуге келістім. «Мүмкін екі сағаттан кейін бір шынаяқ кофе ішейік Зейнулла Какимжанов»- деп хатқа жауап бердім.
Мен жаяу Torrefazion-ға кіммен кофе ішкелі жатқанымды түсінбей келдім. Екінші қабатта, терезенің алдында, кейін белгілі болғандай шаңғыда менен де жақсы тұратын, қазақ жігіті отыр екен. Какимжанов өте сыпайы әрі жақсы адам болып шықты. Біздің кездесуде Қазақстанда жоғары сапалы шарап өндіргісі келетіні жайлы айтып өтті. Терең ойлайтыны таң қалдырса, сонымен қатар ол Қазақстанда бұрын қаржы министрі болған екен. Ол 10 жыл бұрын политикадан шаршағанын айтты. Мен аса көп сұрақ қоймадым. Бірақ байқағанымдай, бақытты болу үшін, мүмкін биліктен алысырақ болу керек шығар. Бір жарым сағат жылдам өте шықты, мен бұл кездесудің маған орасан зор пайдасы көп болып шықты. Какимжанов маған өзіммен бірге, шарап сөремде өз уақытын күтіп жатқан, Arba Pinot 2013 шарабын ұстатты. Қоштаспас бұрын, мен сізге тағы бірнеше бөтелке жіберемін деді Какимжанов. Екі аптадан кейін мен өз сәлемдемемді алып кету үшін Europe Union- да кезекте тұрдым. Қазақстаннан келген шарап пен шоколадты алу оңай болмай шықты. «Ал сәлемдемеде шыныменен Қазақстаннан шарап пен шоколад па?»- кеден офицері күдіктене сұрады. «Менің ойымша шарап»- дедім мен. Бір сағаттан кейін шаршап әрең қайттым. Сол бөтелкелер өз уақытын тосып, бір жылдан бері сақталып тұр. Мен оңтайлы уақытын күтіп жүрмін немесе мүмкін көңілімді қалдырғымда келмейтін шығар. Шарап өндіруші өте жақсы кісі еді. Оның Қазақстанда екінші PinotNoirElDorado мүмкін пайда болатыны жайлы әңгімесінен кейін, шараптан көңілімнің қалғаны жақсы емес ғой.
Мен бұл сөзге сенгім-ақ келеді. Шараптың дәмін татпас бұрын, Arba Wine туралы бірер сөз айтсам. Өнім табиғи әрі жүзімдер қолмен жиналады. Білім мен тәжірбе үшін еуропалық мағлұматтарға сүйенген. Assa Valley өндіруге қиын болғанымен, бар жағдай жасалғаны керемет көрініп тұр. Климат континенталды: жылы күндерге күннен қыздырынған жүзімдер, түнде таудан соққан самал желдің арқасында суиды. Жүзімдердің өсуіне уақыт бар, пісіп жетілген уақыттың соңына қарай қышқылдылықты сақтап қалу керек. Қысқы уақыттарда шарап өндірушіге тағы жауапкершілік артатыны, жүзім сабақтары қорғалып, жерге көмкеру керек болады. Жетерліктей жылы емес, құрмалас климат шарап өндіруге аса қолайлы емес. Мүмкін бұл жерде жасырын бір әлеует бар болар.
Ойнамалы қоңыр салқын климат- бесаспап шарап Pinot Noir классын өндіру үшін аса қолайлы емес.
Какимжановтың ойынша, Советтік шарап өндірісінде агрономдар өте терең зерттеп, керемет жүзім алқабын жасап шықты. Десекте шарап жасау тек көпшілікке жасалып, сапаға мән берілмеген. Барлық территория зерттеліп, жүзімдредің ең сапалы сұрыптары іріктелген. Аssa Valley-де советтік Pinot Noir өте сәтті шыққан.
Какимжанов шараптарды атауын білмей тестілеуді ұсынды. Нәтижесі мен күткеннен де керемет болып шықты. Мүмкін жоғары деңгейге тым жоғары, кім білсін. Біз бұны дегустация кезінде біле аламыз. Бокалға ArbaPinotNoir 2013 құямыз. Бокалдағы шараптың түсі рубин іспеттес. Бокалдың шеті қанық қызылға боялды. Хош иістердің жиынтығы піскен жүзімнен бастап, нәзік фиалка, кептірілген жемістер, тәтті дәмдер мен темекіге дейін. Орташа хош иістен бай хошиістерге дейін, ауызыңызда керемет дәм қалдыратын, жібек секілді тіліңізді жанап өтіп ары қарай кетеді. Не деген ғажап! Өте керемет шарап! Дәмінде шиенің, пісіп жетілген дәмі сезіледі. Осылардың негізі ретінде қара жемістердің дәмі жатыр. Әлі толықтай жетілмеген, бірақ жемісті әрі дәмі керемет шарап. Бұл жүзімнің сапасы қате болуы мүмкін емес. Нағыз дәм ұзақ уақыт сақталады.
Arba Pinot ұлы шараптарға ғана тән жеңіл текстура болады. Және де бұл, мен үшін тосыннан болды. Arba Pinot немен салыстыруға болады? Ойыма тек Burgundies-тің сапасы, Baden Spat burgunder секілді емес, мүмкін Alto Adige, оның жақсырағы өте керемет дәмді Pinot Noir.
Arba Wine-да француздық емен қолданған, менің көзқарасым бойынша, әлемдік шарап қоғамдастығындағындай емес, одан сәл көбірек, классикалық француз стиліндегідей. Шарап өте баяу екпінде дамиды, бұл шараптың жоғары потенциалын көрсетеді. Бірінші классты шараптардың дәмі жемісті болып келеді- бұл ерекшелік шарапты шырынды етіп көрсетеді және сақталуына баға беру аздап қиынға соғады. 10 жыл бойы сақтала береді. Бұданда көбірек ақпаратты қосымша мағлүматсыз бере алмаспын. Маркетингтің жылдамдығына қарағанда, Arba Pinot-дың бағасы бөтелкесіне 20 евродан бастап өзгеріп тұрады. Шараптың сапасына сәйкес бағасы сәл жоғары болуы мүмкін. Бұл шарап Қазақстан туралы ойыңызды бір жұтым арқылы өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, біз естімеген елдерде, күтпеген жерлерде сапалы шарап өндірудің мүмкіндігін көрсетеді. Әлі қаншама жаңа территориялар ашылуы мүмкін.