Шарап дегустациясы

14 қаз 2021

Шарап дегустациясы.

Шарапты бағалау — талғам мәселесі емес, ол шараптың тазалығы, күші, тереңдігі, күрделі, қанық иісі.

Шарап дегустациясы кезінде «ұнайды» я «ұнамайды» деп қысқа қайыруға болмайды.

Кәсіби дегустация барысында бәрі басқаша жүреді.

Оның шын мәнінде қалай жүретінін білгіңіз келе ме?

news.title

Дәмдеу кең бөлмелерде өтеді

Дегустация бөгде иістер жоқ, таза кең бөлме-жайда жасалады.

Оның қарсаңында басқа иістер мұрында қалып қоймауы үшін, шылым шегіп, әтір, иісмай қолданбаған жөн.

Дегустацияға толық ден қою үшін, оны тыныштықта өткізген абзал.

Дәм татудың 5 қадамы.

Дегустация жасаудың 5 қадамы:

1-қадам. Ең әуелі, бокалды дұрыс ұстау керек, әдетте, бокалды шарасынан көтермей, сирағынан ұстайды.

2-қадам. Шараппен алғашқы таныстық оның түсін бағалаудан басталады. Ол үшін, бейне, жарықты күшейткендей, бокалды ақ парақ алдына қисайтыңқырай ұстап, қарауға болады.

3-қадам. Шараптың иісін бағалаймыз. Шарап ашыла түсуі үшін, оны оттегімен таныстырамыз. Яғни, қарапайым қимылмен шарапты шайқаңқырап, буландыра түсу арқылы иісін күшейтеміз.

4-қадам. Шараптың дәмін татамыз. Бұл қадамда ең бастысы - ауызды толық шайып, барлық рецепторларды ояту. Бірінші ұрттамнан дәмі толық білінбейді, тек екіншісі ғана бокалдағы суретті бар бояуымен ашады.

5-қадам. Бұл – міндетті түрде жасалатын қадам. Енді шарап жайлы пікір айтып, қысқаша сипаттама беру қажет, өйткені, дегустацияға бірнеше шарап шығарылуы мүмкін. Шараппен астас ой-пікір тудыру үшін, оның қасиетіне қатысты екі-үш сөз айтса, жеткілікті. Сондай-ақ, шарап терминдерін қолдануға болады.

Осы пайдалы мағлұмат ұнады ма? Ендеше сіздерді шарапханаларымызда қонақ болып, Arba Wine шараптарын бағалаушылар қатарына қосылуға шақырамыз!

news.title
news.title

news.title