Arba Wine жүзімдіктерінің айрықша тарихы
⠀
Біздің жүзімдіктерімізге көз салсаңыз, бірден айналадағы ескі Қорғандар назарыңызға ілігеді. Онда, шамамен, 2200-2700 жыл Сақ дәуірінде өмір сүрген ақсүйектер жерленген.
⠀
Сол қорғандарды қазған археологтар жан-жануар, астық қалдықтарын ғана емес, жүзім дәнектерін де тапқан.
⠀
Осыдан-ақ сонау қадым замандарда біздің жерімізде жүзім өсіру маңызды аграрлық мәдениет болған деп тұжыруға болады.
⠀
Жүзімшілік бізге Кавказдан да, сондай-ақ, Парсы жерінен, Оңтүстік Азиядан да келуі мүмкін, өйткені, біздің жеріміз Еуропа мен Азия арасындағы сауда жолдарының бойында жатқан.
Бірақ, кейін үздіксіз соғыстар кесірінен, бертінгі ғасырларда ол елеулі сала болудан қалған.