Терроир дегеніміз не. Терроир шараптың дәміне қалай әсер етеді.

Бүгін сіздермен терруар жайлы сөйлесеміз. Терруар деген не? Және де неге шараптың дәміне тікелей қатысты?


Сонымен терруар – сақталу кезеңіне дейінгі шараптың негізін анықтайтын, шарап өндірісіне қатысты барлық факторлардың жиынтығы. Қысқаша айтқанда, терруар- шараптың шығу тегі, ортасы.

Шараптың дәміне әсер ететін ең маңызды төрт пункт бар. Егін жиналып, мықтылап жабылып, бөтелкелерде ашытқан соң ең қызығы басталады. Ары қарай жүзімнің қандай топырақта, қандай климатта өсіп өнгеніне сай биохимикалық айналымдар басталады.


Бірінішісі: топырақ, жүзім үшін 100 % маңызды. Құрамы, қалыңдығы, макро-микроэлементтердің болуы, құнарлығы.

Екінші пункт- климат, бұл жерде маңыздысы жүйелілік. Қай ел болмасын, ауа райы ыстық болса, шараптардың дәмі тарт болып келеді, ал егер қоңыр салқын болса хош иісті шарап болады.

Үшінші пункт- рельеф, таулар, тастар, өзен, көлдер, өзендердің жақындылығы, теңіздер, осының бәрі шараптың дәміне тікелей байланысты.

Мысалыға, біздің Arba Wine жүзімдіктеріміз ерекше орында орналасқан, жазық дала, биік таулармен ұштасқан жерде.


Және де төртінші пункт- бұл әрине флора мен фауна. Шыныменен шараптың дәиміне айналасындағы барлық нәрсенің әсері бар, жанында өсіп тұрған өсімдіктер де, жануарлар да. Осының бәрі түбегейлі шараптың дәміне орасан зор әсері етеді!


Шараптардың терруарлығына аса мән беріңіз!

Өте ғажап!