Reserve шараптары

Reserve шараптары деген не? Бұл органолептикалық сипаттамаларымен қатар, резерв жинағына еңгізілген, ұзақ уақыт сақталуға жіберілген ерекше дәмді, арнайы жасалған шарап. Және де жақсы шарапқа берілген қосымша сақталу, шараптың дәмін одан сайын жақсарта түсіп, құндылығын арттыра түседі.



news.title

Ak Arba Riesling Reserve 2014

Ak Arba Riesling reserve 2014 француздық Riesling пен 40 жылдан астам өз тамырында өсетін қазақша Riesling-тан тұрады. Бұндай екі түрлі сұрыптың қосындысы жақсы қышқылдылық пен белгілі тұздылықпен, минералдармен теңдестірілген.Алғашқы дәмінен ақ дала гүлдерінің, жеміс ағаштарының гүлдерінің хош иісі мен жаңа піскен жеміс-жидектерінің дәміне өте бай. Соңғы дәмінде балдың хош иісі мен жұмырлылықты сезуге болады.

Altyn Arba Chardonnay Reserve 2013

Altyn Arba Chardonnay Reserve 2013. Моносепажды шарап- 100% Chardonnay. ¾ мөлшері емен бөшкелерінде, ¼ мөлшері акация бөшкелерінде сақталған.

Осындай тәсілмен сақталғаннан

шарап түрлі дәм мен хош иістерге өте бай. Жақсы сақталудың арқасында Arba Wine алқабынан Chardonnay өзінің ең керемет тұстарын сақтап қалды. Жеміс- жидек дәмдерін, дала гүлдерінің хош иісін және тәтті балдың дәмін сезінуге болады. Altyn Arba Chardonnay Reserve 2013 біздің алқабымыздың барлық ерекшелігін айқындайтын шарап.

news.title
news.title

Kyzyl Arba Cabernet Franc Reserve 2014

Cabernet Franc-ты біз 2007жылы отырғыздық. Бұл жүзімнің сабағы Франция елінен алынған. Біздің ауа райымызға қолайлы келіп, өсіп өнді. Бұл сұрыпты жүзім өте нәзік, сондықтанда көптеген жерлерде өсіп, алып кете бермейді. Arba Wine ұсынып отырған Cabernet Franc шарабын ең жоғары сұрыпты шарапқа жатқызуға болады. Аталмыш шарап емен бөшкелерінде сақталған. Соның нәтижесінде шарапта жемістің әрі түрлі жидектердің дәмін сезінуге болады. Сондай-ақ шарап 2014 жылғы егіннен болса да өзінің балғындығын жоғалтпаған. Шарап жаздың таңсамалындай нәзік әрі жеңіл. Егерде сіз Cabernet Franc қандай екенін білгіңіз келсе, аталмыш шарап сізге шынайы дәмін әрі құндылығын көрсетеді.Decanter World Wine Awards/ UK 2019 - BRONZE

Lagyl Arba Saperavi Reserve 2013

Lagyl Arba Saperavi Reserve 2013- қызыл шарапты ұзақ уақыт бөшкелерде сақтаған біздің алғашқы шараптардың бірі. Ұзақ уақыт сақталғандықтан шарап жұмсақ, жұмыр болып шықты.2013 жыл салқын әрі ылғалды болды, десекте шараптарды емен бөшкелерінде ұзақ сақтағандықтан сапасына әсерін тигізбеді. Жұмсақтық, жемістердің хош иісі, ерекшелігі сақталды. Саперавидің ерекше хош иісі мен қызыл жидек пен шоколад дәмі айқын білінеді. Бұл біз үшін дәстүрге айналатын теңдессіз тәжірибе.

news.title
news.title

Lagyl Arba Saperavi Reserve 2014

Lagyl Arba Saperavi reserve 2014 жыл, құрғақ шарап. Резерв шараптары бөшкелерде сақталады. Нәзіктік пен ерекше дәм үшін аз мөлшерде Пино Нуар мен жұмырлылық үшін Мерло қосылады. Ыстық жаз бен сапалы бөшкелерде сақталғаннан полифинолдардың мөлшері жеткілікті. Тбилисиде бүкіләлемдік Саперави байқауында алтын, Mundus Vini әлемдік байқауында 95 ұпайдан жоғары ұпай жинаған және басқа да халықаралық байқауларда жоғары марапаттарға ие болған жұмыр, ерекше шарап. Lagyl arba saperavi reserva 2014 нарықтағы ең жоғары Саперави. Себебі өз тамырында өсетін Саперави сирек құбылыс, тіпті Грузиядада. Ванильді- шоколадты өң беретін, шие, жаңғақ хош иістері ерекшелік пен нәзіктікті сыйлайды.

Pino Arba Pinot Noir Reserve 2013

Pino Arba Pinot Noir Reserve 2013 20 ай бойы емен бөшкелерінде сақталған. 2013 жылдың жаз мезгілі жауын шашынға толы, салқын болды, сондықтанда Pinot Noir лағыл түсті өте нәзік болып шықты. Фужерлерге құйылған соң алғашқы хош иісінен Arba Wine алқабының хош иісі еседі: дала гүлдерінің хош иісі мен жеміс-жидектің дәмі сезіледі. 40 жылдан астам тарихы бар өз тамырында өсетін қазақша Pinot Noir жүзімдіктерінің шараптары өзінің ашық түсі мен өзгешелігімен ерекшеленеді. Pinot Noir –дың барлық терең дәмдерін сезіп, тұла бойыңды рахат сезімге бөлеп, ұзақ уақыт жұмырлылық пен нәзіктік сезіледі.Sommelier Wine Awards / UK 2018 - SILVERDecanter World Wine Awards/ UK 2019 - BRONZE

news.title
news.title

Pino Arba Pinot Noir Reserve 2014

Pino Arba Pinot Noir Reserve 2014 моносепажды шарап. 100% Pinot Noir. 18 ай бойы бөшкелерде сақталды. Ұзақ уақыт сақталатын шарап. Жыл сайын шарап ерекшелене,әсемдене түседі және резерв үшін бұл әлі жас шарап. Десекте, толықтырылып, қалыптасқан шарап жыл сайын жақсара түсетіні сөзсіз. Pino Arba Pinot Noir 2014 Reserve әлемдік Pinot Noir байқауынан алтын жеңіп, жоғары халықаралық құрметке ие. Шарап Pinot Noir-дың ерекше хош иістеріне бай және өте нәзік. Айта кететіні, Pino Arba Pinot Noir 2014 Reservа шарабында Arba Wine алқабының ерекшеліктері мен сонымен қатар, Пино Нуардың барлық ерекше белгілері сақталған. Шарапта дала гүлдерінің хош иісі ашыла түсіп, ерекшелік бірден байқалады. Тұнық, терең түсті, қанық лағыл реңкті шарап.