БІЗ ТУРАЛЫ

Arba Wine компаниясы құрылғаннан бастап, қысқа тарихи кезең ішінде үлкен халықаралық танымалдыққа жетіп, ең беделді халықаралық конкурстарда жоғары дәрежелі жүлделер иеленіп, Қазақстанның ұлттық брендіне айналды.

Бұндай асқан танымалдыққа Arba Wine жүзімшілікке зор ықылас танытып, құнарлы жер, қолайлы күн райының аса құнды артықшылықтарын пайдаланып, дәстүрлі де, заманауи да әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жетті.

Климат

Асса алқабының жүзім аймағы ерекше.Суық қыс, ыстық құрғақ жаз, жұмсақ күз және қатал континенттік климат шараптарды дәмі мен хош иісі бойынша ерекше етеді.

news.title
news.title

ТАБИҒИ ТАЗАЛЫҒЫ

Assa Valley шараптары табиғи шикізаттан жасалатындықтан, таңғажайып таза өнім болып табылады. Айрықша қолайлы ауа райының арқасында біз жүзімдіктерімізді мүлде дерлік өңдемейміз. Ал, құрамы күрделі әрі бай топырақ тыңайтуға зәру емес.

ЖҮЗІМДІКТЕР ГЕОГРАФИЯСЫ

Arba Wine жүзімдіктері теңіз деңгейінен 1000 метр биікте, мұздықтар көмкерген таулардың етегінде, күн шуағы мол түсетін өңірде орналасқан. Биік таулы Ассы үстіртінен салқын ауа ағындарының арқасында күндізгі және түнгі ауа температурасы күрт алмасады. Минералға бай таулы Түрген өзенінің суы макро- және микроэлементтер қайнары болып табылады.

news.title
news.title

Тамыры

Arba Wine компаниясы 1975-1982-жылдары Кеңес Одағы кезінде егілген жүзімдіктерді абыроймен сақтап қалды, сол өз тамырынан өнген бірегей сабақтардан құрамы бай аса сапалы жүзім алынады.

ҚАДЫМ ЗАМАНҒЫ БАПТАУ ТӘСІЛІ

Arba Wine жүзімдіктерін баптауда басқа барлық шарап жасайтын аймақтарда ұмыт болған қадым заманғы тәсіл қолданылады. Яғни, тікелей тамырдан өнетін сабақтарды бұта түрінде баптап, өсіреміз. Күшті аяз (-40 C) кезінде сабақтарды сақтау үшін, әрбірін (2млн. бірл.) жерге жаймалап төсейміз, сонда қалың қар оларға қорғаныш болады.

news.title
news.title

ҚОЛ ЕҢБЕГІ

Биік өнер ретіндегі жүзімшілік пен шарап жасау ісінің қағидаларына сай, Arba Wine жүзімдіктеріндегі жүзім сабақтарымен барлық жұмыс түрлері мен өнім жинау еңбеккерлердің қолымен атқарылады. Тіпті, сабақтарды бүлдіріп алмау үшін, бұталардың айналасындағы арам шөп те қолмен оталады.