Жүзім өндірісіне қатысты түрлі терминдер, сөздер бар. Бүгін біз сіздермен терруар жайлы сөйлесеміз. Терруар дегеніміз не? Неге шараптың дәміне тікелей қатысты? Сонымен, терруар дегеніміз сақтау уақытына дейінгі шараптың барлық хош иісі мен дәмдерінің жиынтығын айқындайтын жергілікті алқаптың маңызды факторларының жиынтығы . Ал қысқаша- терруар дегеніміз шараптың өсіп өнген ортасы. Шараптың дәміне қатысты төрт маңызды факторлар бар. Егінді жинап, ашытып, бөтелкелерге құйылған соң, ең маңыздысы басталады. Әрі қарай жүзім қай жерде, қандай климат, қандай топырақта өсіп-өнгеніне байланысты, биохимкалық құбылыстар орын алады. Біріншіден: топырақ. Бұл фактор жүзім үшін өте маңызды. Топырақтың құрамы, қалыңдығы, макро және микро элементтердің болуы, құнарлығы. Екіншіден: бұл климат. Бұл жердегі маңызды заңдылықтардың бірі, аса ыстық елдердегі шараптың дәмі қатаң , ал салқындау ауа райлы елдерде шарап хош иісті болады . Үшінші фактор- табиғат. Тау, өзен, арықтардың жақын жерде орналасуы, теңіз, осының бәрі шараптың дәміне әсер етеді. Және де соңғы фактор- бұл флора мен фауна. Шараптар шыныменде өзіне барлық дәм мен хош иістерді бойына сіңіреді. Сондықтанда шараптың "терруарлығына" аса мән беріңіз. Себебі түрлі хош иістер мен ерекше дәмдердің жиынтығы болуы мүмкін.