Біздің жергілікті жер биік таулардың, әппақ ұлпа қардың, ыстық жаздың, түнгі самал желдің, арқасында жүзімдер тез пісіп жетілмес үшін, құнарлы топырағымен ең қолайлы болып саналады. Биік шынары қар басқан таулар бөктерінде орналасқан барлық жерлерге климаттық қолайлылық сыйлайды. Осындай ерекше фотосинтездің және даланың керемет жұпар иісінің арқасында біздің жүзімдіктердің ерекшелігі, табиғилығы орасан зор.

Ассы алқабының таза ауасы біздің жүзімдіктерге табиғи салқындату сыйлайды. Жүзім үшін ыстық жаздарда түнгі салқынның алар орны бөлек. Бұндай салқындық болмаса хош иісті әрі бал,ын болмас еді. Керісінше тез пісіп жетіліп, жылдам түрде қант жинай бастайды. Кешқұрым уақытта самал жел алқапқа қарай есіп, жүзімдіктерімізге балғындық, хош иіс сыйлап, табиғи құнарлықты береді.